ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон тағы да Палестина мемлекетін құру – палестиндіктер экстремистік топтарды таратқанда ғана мүмкін болады деп мәлімдеуде. Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом Палестина өкіметін терроризмді ауыздақтауға дәрменсіз деп айыптап, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы жерлерді жағалай салынып жатқан “қауіпсіздік қабырғасының” одан әрі салына беретінін тағы да растады. Ол, сондай-ақ, Ливан мен Сирия өкіметтерінен экстремистерді ауыздақтауды талап етті. Жексенбі күні Ливанда орналасқан “Хезболлаһ” тобы Израильдің солтүстігін зеңбіректерден атқылап, бір адам қаза болды, тағы 4 кісі жараланды. Оған жауап ретінде Израильдің әскери ұшақтары “Хезболлаһтың” шебіне әуеден соққы берді.
Израиль премьер-министрі А.Шарон тағы да Палестина мемлекетін құру –экстремистік топтарды таратқанда ғана мүмкін болады деп мәлімдеуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты