ВАРШАВА: Өткен жексенбі күні Польшада ресейлік туристер отырып келе жатқан автобус жол апатына ұшырап, 19 жолаушы, оның ішінде 7 нәресте бар, түрлі жарақат алды. Ресейдің Познань қаласындағы бас консулы Александр Яковенконың хабарлауынша, жапа шеккендердің барлығына дәрігерлік көмек көрсетілді. Ресейден Германияға қарай жүріп келе жатқан жолаушы автобусы неміс-поляк шекарасына жақын тұста жүк мәшинесімен соқтығысып қалған. Бастапқы ақпар бойынша, жол апатына жүк мәшинесінің жүргізушісі кінәлі көрінеді.
Польшада ресейлік туристер отырып келе жатқан автобус жол апатына ұшырап, 19 жолаушы, оның ішінде 7 нәресте бар, түрлі жарақат алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV