Accessibility links

Жексенбі күні тұңғыш ғарыштық үйлену тойы болып өтті.


ТЕКСАС: Жексенбі күні тұңғыш ғарыштық үйлену тойы болып өтті. Ең қызығы, күйеу жігіт – ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен оның америкалық қалыңдығы – Екатерина Дмитриева бір-бірінен 385 шақырым қашықтықта болды. Атап айтқанда, Ю.Маленченко Халықаралық ғарыш бекетінде кезекшілік етуде, ал оның қалыңдығы мен туған-туысқандары және жора-жолдастары АҚШ-тың Тексас штатындағы Джонсон атындағы ғарыш орталығында екеуінің тойын тойлап жатты. Тексас штатының заңдары бір-бірінен алыста жүрген күйеу жігіт пен қалыңдықтың некелерін қиып, үйленуіне рұқсат беретін көрінеді.
XS
SM
MD
LG