Accessibility links

Испанияда толассыз жалғасып жатқан орман-тоғайлардың өртінен 5 жаннан тұратын отбасы мерт болды.


МАДРИД: Дүйсенбі күні Испанияда толассыз жалғасып жатқан орман-тоғайлардың өртінен 5 жаннан тұратын отбасы мерт болды. Испанияда аптап ыстық пен өрттен қаза болғандардың саны 28-ге жетті, Португалияда – 15 кісі құрбан болды. Ал Парижде соңғы 4 күннің ішінде 50 адам, негізінен егде адамдар көз жұмды. Өткен түнде Франсия астанасындағы ауа райының температурасы 1873-інші жылдан бергі ең биік көрсеткішіне жетті. Италияда, Хорватия мен Франсияда орман-тоғайлар толассыз өртенуде. Еуропа елдерінің ауыл-шаруышылығына миллиардтаған еуроның шығыны келді. Мамандардың болжауынша, ыстық ауа райы аптаның соңына дейін тұрады.
XS
SM
MD
LG