Accessibility links

Америка Құрама Штаттары Израильді Сирияға қатысты байыпты саясат ұстануға шақырады.


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Израильді жуырда Израиль жерін “Хезболлаһ” тобының атқылауына байланысты Сирияға қатысты ұстамды саясат ұстануға шақырады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Израиль сыртқы істер министрі Сильван Шаломмен телефон арқылы болған әңгімесінде осы жағдайды өзара талдасты. Израиль өкіметі ол атқылауға жауап ретінде Сирияға қарсы соғыс қимылдарын бастау мүмкіндігін жоққа шығармай отыр. Израильдің көзқарасынша, “Хезболлаһ” тобын қолдап отырған Сирия - оның әрбір іс-қимылына толық жауап беруге тиіс. Жексенбі күні Ливан территориясынан Израильдің солтүстігін минаатқыштан атқылаудың нәтижесінде 1 адам қаза болып, 4 кісі жараланды. Израиль оған жауап есебінде “Хезболлаһ” шептеріне әуеден соққы берді.
XS
SM
MD
LG