БАҒДАД: Ирақтағы басқару Кеңесі - АҚШ құрастырған 55 кісіден тұратын тізімге ілінген Ирақтың бұрынғы басшыларын түгел сотқа беретінін мәлімдеді. Кеңес төрағасы Ибраһим әл-Джафаридің хабарлауынша, арнайы комитет Ирақ теледидары арқылы көрсетілетін ол соттарды өткізудің тәртібін әзірлеуде. Ирақтағы АҚШ әскері Саддам Хусеиннің үзеңгілестерін тұтқындау үшін жаңа әскери шараны жүзеге асыруда. Өткен дүйсенбі күні Бағдадтың солтүстігінде 10-нан аса адам тұтқындалып, қару-жарақ жасырылған бірнеше қойма аңғарылды. С.Хусеиннің туған қаласы – Тикриттің маңайында 3 АҚШ жауынгері жараланды. Бағдадта АҚШ-тың әскери керуеніне шабуыл жасамақ болған 3 Ирақ азаматы өлтірілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес