Accessibility links

АҚШ Ирақты Басқару Кеңесінің құзырын мақұлдайтын БҰҰ-ы Қаулысының жобасына қатысты өз ұсыныстарын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне табыс етті.


ВАШИНГТОН: АҚШ – Ирақты басқару мақсатында уақытша американ-британ әкімшілігі құрған Басқару Кеңесінің құзырын мақұлдайтын БҰҰ-ы Қаулысының жобасына қатысты өз ұсыныстарын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне табыс етті. БҰҰ-ы өкілдерінің дүйсенбі күні хабарлағанындай, Қаулының жобасында, сондай-ақ, Ирақта БҰҰ-ының арнайы миссиясын құру мәселесі де қарастырылған. Ол жоба осы аптада талқыланатын болады. Алайда дүйсенбі күні Мысыр: араб елдері Ирақтың Басқару Кеңесін өтпелі өкімет есебінде қарастырудан бас тартады, бірақ ол Кеңеспен байланыс орнатуға дайын деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG