Оның кесірінен пәкістандық екі шекарашысы қаза болып, біреуі жараланған. АҚШ Орталық жасағының айтуынша, кеше Оргунға жақын маңда күзетте жүрген коалиция күштері қарсыластарына қарсы оқ атқан екен. Әлгі қарсыластары Пәкістан шегарасына қарай жасырынып үлгерсе керек. Америка Орталық жасағы бұл оққа ұшуларды “жазатайып, әрі абайсызда болған жағдай” -, деп сипаттап отыр. Пәкістан әскери байланыстар департаментінің мәлімдемесіне қарағанда, аталған оқиғаға байланысты АҚШ ресми өкілдеріне қатты наразылық білдірілген.