Хабарларға қарағанда Таяу Шығыстағы соғыстың алғашқы күнінде, яғни 1967-ші жылдың маусымында израйльдік үш бірдей ұшақтар Ирак жерінде атып түсірілген болатын. Ұшқыштардың біреуі қолға түсіп, екеуі қаза болған еді. Израйль баспасөзінің айтуынша аталған бас киім-дуылға сол қаза болған екеудің бірінікі болса керек. Осыған дейін Бағдат музейінде сақталып тұрған бұл бұйымды АҚШ әскерилері өткен аптада Аммандағы Израйль елшілігіне табыс еткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV