Мысырдағы ресми ақпарат бұлақ МЕНА-ның хабарлауынша, кеше кешкілік Мысыр Сыртқы істер министрі Ахмед Махер Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі әл-Файсал және Сириялық әріптесі Фаруқ әл-Шарамен Қайырда кездескен болатын. Аталған мәлімдемені Мысыр министрі осы кездесуден кейін жасап отыр. Дей тұрғанмен Махер мырза, Ирактағы басқа да кез-келген саяси топтар өкілдерімен кездесуге әзір екендігі секілді, ресми Қайырдың Ирактағы бұл кеңес мүшелерімен де кездесіп, пікір алысуға әзір екендігін айтты. Ол сондай-ақ аталған мәлімдемесінің өткен аптада Қайырда болған Араб лигасына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданған бағыттың жаңғырығы ғана екендігін еске салып өтті. Ал, Бахрейн Сыртқы істер министрі Шейх Мұхамед бін Мубарак әл-Халифа болса тамыздың 5-де болған кездесуден кейін Ирак өкіметі жанынан құрылған бұл Кеңес дұрыс бағытта және ол болашақ Ирак өкіметінің құрылуына апаратын болады-, деп Араб елдерінің үміттенетіндігін айтты.
Араб елдерінің Ирактағы жаңа құрылған Кеңесті заңды деп танымайтындығын Мысыр елі мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?
-
Орталық Азия азаматтары
Ресейде еңбек мигранттарына әскерден бөлек экономика да мұқтаж