Ел басы Мосес Блах кеше кешкілік СНН телеарнасына берген сұхбатында көтерілісшілерді қаруларын тастап, елде бейбіт өмір орнатуға, өкіметпен бірлесе отырып, өз үлестерін қосуға шақырғандығын айтты. Кеше Чарлз Тейлор халықаралық қысымның арқасында ғана қызметінен түсіп, Нигерия еліне кетуге мәжбүр болды. Оның кетуімен осы Батыс Африка елінде 14 жылға созылған азаматтық соғыс тоқтар-, деген үміт бар әлемдік қауымдастықта. Тейлор орнынан түсісімен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел таяу күндерде Америка күштері қолбасшысының Монровияға келетіндігін жариялады. Ол күштер негізінен Либерия халқына арналған көмектерді жеткізу және оны таратумен айналысатын болады.
Либерияның жаңа ел басы орынбасарлық қызметті көтерілісшілер өкіліне ұсынатындығын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі