Accessibility links

ББС компаниясының журналистері Девид Келлиден алған ақпараттарын сотқа растады


Ирақ мәселесінде ерекше бағыт ұстанған британиялық сарапшы Девид Келли шілде айында қаза тапқан болатын. Бұл жағдай Лондон сотында тергеле басталды. Девид Келли ББС компаниясына сұхбат беріп, Ирақтан төнген қауіпті Британия үкіметі әсіре сілтеді деп мәлімет айтқан. ББС компаниясының журналистері Эндрю Гиллиган және Сюзан Уаттс Келлиден алған ақпаратын кеңінен пайдаланды, сөйтіп ол бас министр Тонни Блейердің төңірегіндегі дау-дамайға септігін тигізді. Саяси жанжал өрбіп тұрған сәтте қару сарапшысы Девид Келли өлі күйінде табылды. ББС компаниясының журналистері кеше сотқа жауап беріп, Девид Келлиден алған мәліметтерін растады. Девид Келли бас министрдің баяндамасына Ирақ жөнінде әсіре мәліметтерді Элстайер Кемпбелл қосты деп пікір айтқан екен. Элстайер Кемпбелл - бас министр Тонни Блейердің байланыс жөніндегі директоры. Үкіметтің адамдары жораламалды теріске шығарып отыр. Лондон соты бүгін істі одан ары тергейді.
XS
SM
MD
LG