Тамыздың 8і күні, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел: - Шешенстандық бүлікшіл жетекші Шәміл Басаев американдық мүдделерге қарсы террорлық әрекеттерін жасады, - деді.
Ал, Мемлекеттік департамент жариялаған тағы бір мәлімдемеде Басаевтің Ал Қаида террорлық ұйымымен байланысты екендігіне орай, АҚШ, Британия және Ресей БҰҰнан Басаевқа БҰҰна мүше елдерге келуіне, бүлікшілдерге қаржылай көмек беруіне тиым салуын сұрағандығы айтылады.
АҚШ Мәскеудегі Дубровка театрында, өткен қазанда болған кепілдік шараларын Басаевқа жауып отыр. Ол кезде орыс арнаулы күштері жүргізген операция кезінде қолданылған улы газдан 129 ресейлік, қазақстандық және бір американдық азамат қаза тапқан болатын.
Сондай-ақ, Грозныйда, өткен желтоқсанда, әкімшілік кешенінде, мамыр айында Знаменское қаласындағы үкіметтік орында болған бомбы жарылыстарына да Басаев кінәлі, деген айып тағуда. Ол террорлық шабуылдардың алғашқысында -78, кейінгісінде 60 адам өлген еді.
Ал, өткен қарашада, Басаев: "Ресейдегі халықаралық ұйымдар да террорлық шабуыл нысаны болады”, - деп ескерткен болатын.
АҚШ Қазына департаменті Америкадағы Басаевқа тиісті қаржының бәрін берілмейтін етіп тастауға шешім қабылдады. Бірақ Басаевтың АҚШ банктерінде ақшасы бар ма, жоқ па оны ешкім де білмейді.
2001-жылғы қыркүйектегі террорлық шабуылдардан кейін, терроршылыққа қарсы АҚШ бастаған науқанға Ресей де қосылғандығы рас. Бірақ, Вашингтон Басаевті неге енді ғана терроршылар қатарына қосып отыр, бұл жөнінде, тілшіміз Шешенстан мәселелері бойынша, американдық сарапшы Кристофор Свифтке бір неше сұрақ қояды.
Свифт Джимми Картер президенттігі кезінде З. Бзежинскидің көмекшісі болған.
Қойылған сауалға орай сарапшы: - Шәміл Басаевтың терроршы екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Басаевтің қылмыстық іс-тірліктері көптен-ақ белгілі. Басаевтың тобын Вашингтон, өткен ақпанның өзінде, терроршы ұйымдар тізіміне қосып қойған. Әділетіне келсек, АҚШтың бұл анықтамасы ақиқатқа сай келеді, - дейді.
Ал, Басаев жөнінде мұндай мәлімдеменің кештеу жариялануы, талдаушылардың пікірінше, Буш пен Путиннің БҰҰдағы жоғары дәрежелі кездесуіне байланысты. Сондықтан бұның саяси астары барлығы анық болып тұр.
Свифттің пікірінше, мұның бәрі Ақ үй, Мемлекеттік департамент және Ресейдегі тиісті ресми мекемелердегі әріптестердің өзара келіссөздері, түсіністіктеріне байланысты.
Тілшіміздің келесі бір сұрағына Кристофор Свифт: - АҚШ пен Ресей - қазір өзара әріптес. Бұл екі елдің террорлықпен күрес мәселесінде де ортақ мүддесі бар. Бірақ АҚШ Шәміл Басаевтың әсірешіл тобымен президент Аслан Масхадов жетекшілігіндегі қарсыластар арасындағы айырмашылықты ажырыта білуге тырысып-ақ келеді. Бұған - Масхадовтың терроршылар тізіміне енбегендігі дәлел, - дейді.
Тілшіміздің "АҚШтың Шешенстанға орай қазіргі көзқарасы жөнінде не айтасыз?", - деген сауалына, Свифт: - Бірнеме деу қиындау. Соңғы айларда Ресей Шешенстанға өз артиллериялық батальонын қайта әкеп орнатты. Әскери күштер санын азайтудың орнына, керісінше, оларды көбейтіп жатыр. Кезкелген жерде тексеру постары бар. Бұл мәселеде, меніңше, АҚШ үкіметі сынмен қарап, жарты жыл бұрыңғы Ресей ұсыныстарына сенімсіздік білдірсе керек. Бірақ басқа қандай жоспарлар барын білмеймін, - дейді.
Осы кезге дейін Шешенстан АҚШ үшін үлкен бір ерекше мәселе емес болатын. Бірақ күтпеген жерден неге Басаев күн тәртібінің төрінен орын алып шыға келді? - деген сауалға,
- Меніңше, Шешенстанды АҚШ та, Ресей де қажетті кезде, өз мақсаттарына орай саяси мақсатқа пайдаланып келді. Ондай жағдай терроршылыққа қарсы күрес кезінде, тауық еті экспорты кезінде де байқалды. Клинтон және Буш әкімшілігі кезінде де, естеріңзде болса, "Шешенстандағы адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы", біраз әңгіме болды, - дейді Свифт.
АҚШтың соңғы кездегі саясатына орай, Кристофор Свифт: АҚШ терроршылықты, қатардағы азаматтарға қарсы саяси мақсатта жасалған зорлық-зомбылық қылмыстық әрекеттері, деп түсінеді. Бұл орайда, Шәміл Басаев - нағыз терроршы. Бірақ біз орыстардың Шешенстанда не істеп жатқанына да қарауымыз керек қой. Федералдық бақылау астында ма, әлде басқаша ма, орыс сарбаздары Шешенстанда не қаласа соны істеп келгендігі де - ақиқат. Бұл салада олар Басаевтан кем түспейді. Бір ғана айырмашылығы – орыс әскерлері жанкештілік бомбы жарылыстарына бармайды. Бірақ олардың зачистки деген тазалау операцияларына кезіккендер ғана оның қандай азап, нендей сұмдық екендігін жақсы түсінеді. Орыс әскерлерінің шешендерді өлгенше сабауы, әйел-қыздарды зорлауы, адамдарды, үйлерді ұрлап тонауы кездерін санап түбіне жету де қиын шаруа. Қаншама адамдар, жас өспірімдер ұрланып жоғалып кеткен, - дейді.
Сондықтан терроршылықпен күрескенде, Ресейдің сол науқанды желеу етіп, шешендердің адамдық құқықтарын таптап, ар-намыстарын аяқ асты етіп, халықаралық азаматтық заңдарды өрескел бұзып жатқандығын да АҚШ жіті назарда тұтқандығы артық болмас еді, - дейді Шешенстан бойынша АҚШтық зерттеуші-сарапшы Кристофер Свифт.