Accessibility links

Ресей ормандары өрт құшағында.


Бұл жөнінде елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі тың мәліметтер жариялап отыр. Ол бойынша бүгінге дейін болған 300-дей өрттің кесірінен сегіз мың гектарды алып жатқан ормандар жанып кеткен. Кеше 200-дей өрттің болғандығы тіркелген екен. Олардың көпшілігі Қиыр Шығыста, оның ішінде Сахалин мен Приморье де бар, сондай-ақ Чукоткада орын алған. Осылайша бірнеше жүздеген өрттердің ішінде 63-і аса ауқымды деп бағаланып отыр. Дей тұрғанмен министрлік елді-мекендерді өрттен қорғау ісінде әлі жеткілікті шаралардың болмай отырғандығын да тілге тиек еткен. Өрт сөндіру ісіне екі мыңнан аса адамдар жұмылдырылып, 30-дай ұшақтар мен тікұшақтар іске қосылған-, дейді Итар-ТАСС агенттігі.

Нұрлытай Үркімбай
XS
SM
MD
LG