Accessibility links

Кашмир провинциясында тағы қан төгілді


Даулы Кашмир провинциясында кеше екі жерде мина жарылып, екі адам қаза тапты, кемінде 37 адам жарақат алды. Бандипур қаласында болған бірінші шабуылды "Әл Мансурейн" әсіре исламшыл тобы мойнына алды. Жұма күні аталатын Үндістан Тәуелсіздік күнінінің қарсаңында олар шабуылдарды жалғастырамыз деп айтты. Екінші шабуыл Күлғам қаласында жасалды. Кашмирдің жеке аймақтарында болған қақтығыстарда өткен тәулікте жеті исламшыл жауынгер Үндістан сарбаздарының оғына ілініп, қаза тапты. Оқ астында қалып, бір бейбіт тұрғын қаза тапты.
XS
SM
MD
LG