Әскери автокеруен Бағдадтың маңындағы Әл-Тәджи мекенінен өтіп бара жатқанда мина жарылды. Бір сарбаз қаза тапты, екеуі жараланды. Дауар қаласының маңында мәшине мина басып кетіп, тағы бір американдық сарбаз қаза тапты, екіншісі жарақат алды. Ирақ соғысы аяқталды деп президент Джордж Буш 1 мамырда жариялағалы бері, сөйтіп, қаза тапқан американдық сарбаздардың қатары 60-қа жетіп қалды.
Ирақ әкімі Пол Бремер елдің көпшілігінде бейбітшілік орнады, жекелеген шабуылдарды жасағандар не өлтіріледі, не қолға түседі деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV