Accessibility links

Өткен тәулікте Ауғанстанда 60-тан аса адам қаза тапты


Өткен тәулік Ауғанстан үшін аса ауырға тиді, түрлі қақтығыстар мен төтенше жағдайларда 60-тан аса адам қаза тапты. Хелманд провинциясында автобусқа қойылған мина жарылып, кемінде 15 адам мерт болды, олардың көпшілігі бала-шаға. Жарылысты не "Талибан", не "Әл Қаида" ұйымдастырды делінеді. Урұзған провинциясында жергілікті екі басшының жасақтары қырылысып, шамамен 25 жауынгер қаза тапты. Хост провинциясында үкімет әскері "Талибан" және "Әл Қаиданың" жауынгерлерімен қақтығысып, олардың шамамен жиырмасын өлтірді. Бес ауғандық сарбаз қаза тапты. Қабулда екі студент қолдан бомба жасап отырған жерінен өлім тілеп алды. Тағы бір студент жарақат алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы елшісі Лахдар Брахими Қауіпсіздік кеңесіне қайырылып, тұрақтылықты бекем орнату мақсатында халықаралық бітімгершілік жасағының қызметін Қабулдан ары кеңейтуін талап қойды. Бітімгершілік қызмет осы айда НАТО одағының жасағына көшті.
XS
SM
MD
LG