Accessibility links

Германияда 11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деген азаматтың соты басталды


Германияның Гамбург қаласында бүгін қатаң сақтық шаралары іске асып жатыр. Бұл 11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деген азаматтың сотына байланысты. Марокко азаматы Әбделғани Мзоуди АҚШ-та жасалған террористік шабуылдардан алдын ала хабардар болды, бұған атсалысты, "Әл Қаиданың" Ауғанстандағы базасында дәрістеме алды, террористердің қамына ақша аударып жүрді деп айыпталды. 11 қыркүйектегі шабуылдарға атсалысты деп бұдан бұрын Маунир Әл Мотассадық деген басқа мароккандық азамат 15 жылға кесілген болатын. Ал Закариас Муссауи деген франциялық азаматтың осыған ұқсас айыбы бойынша соты АҚШ-та әзірше жүрмей жатыр.
XS
SM
MD
LG