Accessibility links

Гамбург қаласында 11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деген азаматтың соты жүріп жатыр


11 қыркүйектегі шабуылдарға қатысы бар деген Марокко азаматы Әбделғани Мзеуди сотқа жауап бермейтін құқын пайдаланып отыр, деп сипаттады кеше адвокат Михаель Розенталь. АҚШ-та жасалған террористік шабуылдарда 3066 адам қаза тапса, Әбделғани Мзеуди шабуылға тікелей атсалысты делінеді. Шабуылдарды іске асырған "Әл Қаида" ұйымының жауангерлері осы Гамбург қаласында топтасты делінеді. Германия федералды пррокуроры Валтер Хембергер сотталушы азамат террористердің басшысы Мұхамед Аттамен тығыз қатынаста болды, АҚШ-та ұшқыш мектептерінде оқыған болашақ террористерге ақша аударып тұрды деп айыптады. 11 қыркүйектегі шабуылдарға атсалысты деп бұдан ертерек Маунир Әл Мотассадық деген басқа мароккандық азамат 15 жылға кесілген болатын.
XS
SM
MD
LG