Accessibility links

"Әл Қаида" ұйымы басшыларының бірі қолға түсті


АҚШ әкімшілігі "Әл Қаида" ұйымы басшыларының бірі, Оңтүстік Шығыс Азия аймағы бойынша үйлестіруші Ридуан бин Изомуддиннің қолға түскенін хабарлады. Ол Хамбали деген лақап атпен белгілі. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Скотт МакКленен оқиғаны терроризмге қарсы соғыстың барысындағы маңызды жеңіс деп сипаттады. Хамбалиды, жалпы, Индонезия, Малайзия, Сингапур және Филипин мемлекеттері іздеуге салған. Хамбалидың мойнына Бали аралында "Джәмия Исламия" ұйымы жасаған шабуыл, Филиппинде христиан шіркеуіне жасалған шабуыл, Джакартада "Мариот" қонақ үйіне жасалған шабуылдар арттырылып отыр. АҚШ-тың қолына бұдан бұрын "Әл Қаида" басшысы Осама бин Ладеннің орынбасары Қалид Шейх Мохаммед түскен болатын.
XS
SM
MD
LG