Дауыс беруге тек Сирия өкілі қатыспады. Резолюция Ирақ басқару кеңесінің құрылғанын жылы қабылдайды және Ирақтағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілеттігін тағы 12 айға созады. АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Джонн Негропонте резолюцияның қабыладануы халықаралық қауымдастықтың Ирақтағы өзгерісті қолдап отырғанын көрсетті деп сипаттама айтты:
- Шешімнің қабылдануы Ирақ басқару кеңесінің құрылғанына қолдау танытып отыр. Резолюция Ирақтың өзін өзі толық басқаратын күнін жақындатып отыр. Ирақтықтар мұндай жағдайды соңғы отыз жылда білмеді.
Ирақтағы басқа жаңалықтарға келетін болсақ, Басра қаласында британдықтардың санитарлық мәшинесіне шабуыл жасалып, бір сарбаз қаза тапты, екеуі жараланыды. Маусымның 24-нен бері бұл алғашқы британдық сарбаздың ажалы. Британия әскери өкілеттігі санитарлық мәшиненің анық белгілері бар еді дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ирақ жөнінде жаңа резолюцияны бірауыздан қабылдады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?