Accessibility links

Америка мен Канадада аяқ астынан электржарығы өшіп қалды


Соңғы жаңалықтар топтамасын АҚШ-тан келген төтенше хабардан бастауға тұра келіп отыр. Нью-Йорк, Клевеленд, Толедо және Детройт қалаларында осыдан төрт сағат бұрын бір мезгілде электр жарығы өшіп қалды. Көршілес Канаданың Торонто аймағы да аяқ астынан жарықсыз қалды. Бұл кезеңде Американың осы тұсында бейсенбінің кеші болатын, жұрт үйлеріне қайтқан мезгіл. Бір ғана Нью-Йорк қаласында 19 миллион адам зардап шегіп отыр. Ауруханалар мен мемлекеттік кеңселер электр қондырғылардан жарық алуға көшті. АҚШ Федералды тергеу басқармасы төтенше жағдай террорлық шабуылдан болмаса керек деді. Канада бас министрі Джейн Кретьен жарықтың өшуі Ниагар су сарқырамасындағы "Кон Эдисон" электростанциядағы өрттен болды деді. Нью-Йорк қаласының әкімі Майкл Блумберг атом электростанцияларынан жарық жеткізу бірнеше сағатқа созылады, дегенмен жұма күні тәңертен бәрі қалпына келеді деп айтты. Нью-Йорк көшелеріне шамамен 40 мың сарбаз шығарылды. Нью-Йоркте дәл осындай жағдай 1977 жылы орын алған. Қала 25 сағатқа жарықсыз қалғанда сол жолы қарақшылық көп болған. АҚШ президенті Джордж Буш төтенше жағдайды мұқият тексертетінін айтты
XS
SM
MD
LG