Accessibility links

«Ассанди таймс» газеті «Экономика. Финансы. Рынки» деген атпен қайта шыға бастады.


Қазақтан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевтің сотқа беруінің салдарынан «Ассанди таимс» тәуелсіз газеті уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.

Тамыздың он бесінші жұлдызында аталмыш басылым, «Экономика. Финансы. Рынки» деген бұрынғы атымен қайта жарық көре бастады. Біз осыған байланысты редакцияға хабарласқан кезімізде, «Экономика. Финансы. Рынки» газетінің менеджері Ольга Ромашкина бұл туралы бізге мынандай мәлімет берді:

Ольга Ромашкина, газеттің менеджері:

Біздегі ахуалдың бәрі де бұрынғыдай. Билік тарапынан жасалатын қысым көрсетушілік те тоқтатылған жоқ. «Ассанди таимс» газетін үш айға тоқтатып тастаған еді. Біздің бұрын «Экономика. Финансы. Рынки.» деген газетіміз болатын. Соны қайта шығара бастадық. Бұл басылымды бұрын-соңды шығып келген «Ассанди-Таимс» газетінің заңды жалғасы деп тануларыңызға да болады. Газеттің тек аты ғана өзгерді. Ал, редакциялық ұжымның бәрі де өзгермей сол қалпында қалды. Билік «Ассанди таимсты» жабуға талай рет әрекет жасады. Қазақтан президентінің күйеу баласы біздің газетті сотқа бергеннен кейін, аталмыш басылым үш айға жабылып қалды. Газет ұжымы өз құқын қорғау үшін талай рет жоғарғы жаққа шағымданған еді. Алайда оның ешқайсысы да ахуалдың өзгеруіне септігін тигізе алмады.

Маржан Аспандиярова, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы.

Бұл газет Қазақстанда демократияның өркендеуіне көп үлес қосып жатыр. Міне сол себептен де ол өте көп қудалауға ұшырады. Өйткені бұл басылым елімізде болып жатқан өзгерістердің бәрін де өте адал және обьективті түрде жеткізіп келеді. Сол себептен бұл басылымды жұрт іздеп жүріп оқиды.
XS
SM
MD
LG