Accessibility links

Гүржістанның батысшыл саясаты жөнінде әңгіме көбейе бастады


Гүржістан президенті Эдуард Шеварднадзенің Батыстық саяси бағытқа адалдығы жөнінде жұртшылық қауым сыни пікірлер айта бастады.

Сыншылардың айтуынша, Батысшыл президент Шеварднадзе Гүржістандағы азаматтық қоғамды өркендету орнына өз саяси мансабын көбірек ойлайды. Ал президент Шеварднадзе ондай сындарды біржақтама демагогия дейді.

Шілде айының басында, АҚШ тың бұрыңғы мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер Тбилисиге келіп, алдағы қараша айында болатын парламенттік сайлау кезінде заңсыздықтар, бұрмалаушылық, бұра тартуларға жол бермеу мәселесінде негізгі партияларға АҚШтың қолдау көрсететіндігін білдірген болатын.

Парламент мақұлдаған тәртіп бойынша, 4 негізгі оппозициялық партиядан Орталық сайлау комиссиясына бір-бірден орын берілетін болған. Ол партиялар қатарында Біріккен демократтар, Еңбекші партиясы, Жаңа құқықтар және Ұлттық қозғалыс партиясы бар.

Ал, Шеварднадзені қолдайтын Жаңа Гүржістан үшін партиясына бес орын қалдырылыпты.

Сондай-ақ, үкіметтік саясатты қолдайтын партиялар - Гүржістан қайта өрлеу партиясы – 3, Өнеркәсіпшілер 2 орын алатын болған.

Джеймс Бейкердің жоспары бойынша, Орталық сайлау комиссиясындағы орындардың басым көпшілігін оппозициялық партиялар алуы керек болған. Ал президент Шеварднадзе бастапқы кезде оны қолдаған.

Бірақ, Біріккен демократтардан депутат оппозиционер Гиги Церетели Парламенттің Орталық сайлау комиссиясы жөніндегі жоспарын қатты қаралап,

"ол Бейкер жоспарының негізгі идеясына қарама-қайшы келеді", - деген.

Тәуелсіз талдаушылардың және оппозициядағы белсенділердің пікірінше, егер өкімет Орталық сайлау комиссиясын бақылауға алатын болса, онда дауыс беру кезінде қосымша бюлеттен тастаудан бастап түрлі бұрмалаушылықтар орын алатыны күмәнсіз.

Тамыздың 8і күні ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымының Тбилисидегі миссия бастығы Рой Риив президент Шеварднадзе және өзге де жоғары дарежелі ресми басшылықпен кездесіп, парламенттік сайлау кезінде әділеттілік боларына үміт білдірген.

- Шеварднадзе алдында өз мансабы және Гүржістанның болашағы тағдыры, сондай-ақ Гүржістанның бейбіт дамуы мәселесі турғанда, өкінішке орай, ол өз қара басын ойлады, - дейді оппозиялық жетекші Зураб Жвания тамыз айы басында Рустави 2 теле арнасына берген сұхбатында.

- Гүржістан президенті және үкімет мемлекеттегі саясат бағытын өзгертіп жіберді, деген сөз бір жақтама демагогиядан басқа ештеме емес. Ол білімсіздіктің айқын көрінісі ғана, - дейді Эдуард Шеварднадзе.

Гүржістан президенті Эдуард Шеварднадзе Ресейден саяси қолдау тапқанның өзінде парламенттік сайлау әділетті өтетіндігіне басым көпшілік партиялар сенбейді.

Сондықтан, шешуші күрестер әле алда, - дейді Біріккен Демократиялық партиядан, депутат Гиги Церетели.
XS
SM
MD
LG