Оңтүстік Корея президенті Но Му Хен, Пхеньянды осы айдың соңында Пекинде болатын алты жақты келіссөздер кезінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты реттеуге және мүмкіндікті пайдалануға шақырды. Оңтүстік Корея президенті келіссөздерге қатысатын екі корей елі мен Құрама Штаттардың, Қытай, Жапония және Ресейдің бұл проблеманы шешуге ұмтылыс жасайтынына үмітін білдірді. Америка жағын бұл кездесуге АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джеймс Келли бастап барады. Кеше ол оңтүстік кореялық және жапониялық әріптестерімен осы мәселеде кездескен болатын. Вашингтон Пхеньянды ядролық қару таратпау келісімін бұзып отыр деп айыптаған. Бұл мәселе бойынша Солтүстік Корея осыған дейін тек Америкамен ғана тікелей келіссөз өткізуді талап етіп келгенімен, жақында ол алты жақты келіссөз өткізуге келісті.
Оңтүстік Корея президенті Пхеньянды ядролық бағдарламалар төңірегіндегі дағдарысты реттеуге және алты жақты кездесуде болатын мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?