Accessibility links

АҚШ пен Канаданың ірі қалаларында өшіп қалған электр жарығы бүгін қайтадан іске қосыла бастады.


Кеше кешкісін АҚШ-тың солтүстік шығыс аймағы мен Канада да электр станциясында болған үлкен апат салдарынан өшіп қалған электр жарығы, бүгін ақырындап қайтадан іске қосыла бастады. Американың ірі қалалары Нью-Йорк, Детройт, Бостон мен Кливендтегі және Канаданың оңтүстік жағы Торонто мен Оттавадағы халық бірінші рет жарықсыз қалды. Апаттың неден болғаны әлі анықталған жоқ, дегенмен билік басылары оның қаскүнемдікпен жасалуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Нью-Йорк қаласының мэрі Майкл Блубергтің айтуынша, штаттардағы электр станциялар бір мезетте істен шығып, АҚШ-тың төрт штатында 9 атом электр бекеті бірден өшіп қалған.
XS
SM
MD
LG