Accessibility links

Халықаралық террорист Хамбали Тайландта үлкен террорлық шабуыл жасауға дайындалған.


Осы аптада Тайландта тұтқындалған Хамбали деген атпен белгілі халықаралық террорист осы елде үлкен террорлық шабуыл жасауға дайындалған дейді- тайландық премьер министр Таксин Шинаватра. Ол шабуылдың нақты қай жерге жасалатыны туралы айтпады. Тайланд үкімет басшысының сөзіне қарағанда, террористің тағы бірнеше үзеңгілестері ұсталған. Америка басшылары кеше, Хамбали қазан айында Тайланд астанасы Бангкокте болатын Азия-тынық мұхит ынтымықтастығы саммитіне қатысушыларға қарсы террорлық акті ұйымдастырмақшы болған деп хабарлады. Ол саммитке АҚШ президенті Джордж Буш та қатысуы керек. Хамбали Джемаа Исламия деп аталатын индонезиялық экстремистік топ жетекшілерінің бірі, әрі Әл қаида ұйымының Оңтүстік Азиядағы өкілі. Ол таяуда Жакарта мен Бали аралында болған террорлық шабуылды ұйымдастырды деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG