Либерия мемлекетінде он жылдан асқан азаматтық соғыс таяу күндері тоқтағанымен, бейбітшілік орнату жағдайы әлі нашар халде. Ел басшысы Чарлз Тейлор елден қуылған соң көтерілсішілер әскері бақылауды халықаралық бітімгершілік жасақтарға берді. Либерияның жаңа президенті Мозес Блах көршілес Гана мемлекетінде көтерілісшілердің қолбасшыларымен келіссөз өткізді, кеңесудің кешегі жағдайы нәтижесіз шықты.
Көтерілісшілердің басшылары жаңа үкіметте қызмет алуымыз керек деп талап қояды. Әйтпеген жағдайда соғысты қайта бастаймыз, дейді олар. Президент Мозес Блах нақты жауап бермей, кеше Либерияға оралды. Біріккен Ұлттар Ұйымының елшісі Жак Клейн екі тарапты ортақ шешім табуға шақырды.
Либерияға кеше Нигериядан тағы 100 сарбаз келіп жетті. Ел астанасы Монровияға жан жақтан ізгілік көмек жеткізіліп жатыр. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері азық-түлік жетіспей жатыр деп айтады. Монровия тынышталғанымен елдің жеке аймақтарында қақтығыс жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV