Солтүстік Көрей ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеңянның пікірінше, Вашингтонның өз көз қарасын өзгерту деген сөз, ол шабуыл жасамау туралы екі жақты келісім шарт пен дипломатиялық қарым-қатынастар құру әрі Солтүстік Көреймен сауда-саттықта ешқандай шектеулер қоймау болып табылады. Тамыздың 27-і күні Бежинде Солтүстік Көрей мәселесі бойынша келіссөздер басталады, оған Солтүстік Көреден басқа, АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония және Оңтүстік Көрей қатысады.
Солтүстік Көрей егер АҚШ Пхеңянға көз қарасын өзгертпесе онда ядролық қару бағдарламасын қолға алатындығын айтып қоқан-лоқы жасауда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV