Accessibility links

Электр қуатының тұтылуы АҚШ инфрақұрлымының терроршылар алдында осалдығын көрсетті


Өткен аптадағы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы электр қуатының жапай тұтылуы бәлки кісі қолымен жасалған қастандық не техникалық ақау шығар.

Қауіпсіздік сақтау саласының талдаушыларының айтуынша, келесі әрекет террорлық болуы мүмкін, сондықтан АҚШ үкіметі өзінің электр саласының инфрақұрлымын қорғауы керек.

Өткен аптадағы АҚШ пен Канаданың 240 мың шаршы шақырымы қара түнекте қалғандай оқиғаның болмауы керектігіне әркім де келісер. Нью-Йоркте өткен баспасөз маслихатында штат губернаторы Джордж Патаки жағдайға былайша тоқталды:

Қазір 2003-те Солтүстік-шығыстың көп бөлігі Орталық-батыстың жартысы Канададан үздіксіз келетін электр қуатының тоқтауына ешқандай себеп жоқ. Бізге 60-ыншы, 70-ісінші жылдардың тұтылулары енді қайталанбайды деп сендірген болатын, ал маған хабарлағандай соңғы тұтылу ел тарихындағы ең елеулісі болған.

Патаки таң қалмауы керек. Құрама Штатардың электр тарату жүйесі тозған және оның күтімі нашар. Табиғаты мамыра-жай Европаның көпшілік бөлігіне қарағанда АҚШтың басым бөлігі қыста суық, жазда ыстық - суықта жылыту мен жазғы аптап ыстықта суытуға көп қуат жұмсалады.

АҚШ-тың электрмен қамдау инфрақұрылымының осалдығы қауіпсіздік саласының мамандарын да алаңдатып отыр. Нью-Йоркте орналасқан Халықаралық Қатынастар Кеңесінің отанды қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Джейми Метзл былай дейді:

- Eгер терроршылардың ұрымтал жерлерді анықтауға қабілеті жетер болса, онда тек қана электрмен қамдау инфрақұрылымы ғана емес біздің басқа да инфрақұрылымдарымызғада қауіп бар, біз қорғансызбыз.

Метзлдың айтуынша, Солтүстік Американың электр беру жүйелері 21-інші ғасырға сай болуы керек, оны жаңалау үшін 50 миллионнан 100 миллион долларға дейін қаржы жұмсалуы тиіс.

- Бірақ біз өзімізден сұрауымыз қажет, тіпті жарты күн тоқтап қалған жұмыс уақыты қанша тұрады? Әлбетте оның құны миллиардтаған долларларды құрайды, - дейді ол.

Ал Вашингтоның Саяси Орталығындағы Мирас Қорының сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік мәселері бойынша талдаушысы Джеймс Филлипстың айтуынша, террорлық топ елдің электрмен қамадау инфрақұрылымына шабуыл жасауы мүмкін деген ойды теріске шығаруға болмайды. Террордың мақсаты соғыста жеңу емес, адамдардың сағын сындыру. Бұндай тәсілді қазір Ирақта АҚШ қосындарына қарсы жергілікті партизандар пайдаланып жүр, олар мұнай құбырлар мен су құбырларын істен шығарып халықтың ашу-ызасын тудырмақ.

"Егер үнемі тұтылу, не уақытша тұтылу ұзақ уақыт болар болса, менің ойымша, бұған ұқсаған нәтиже пайда болады. Шынтуайтында менің пікірімше, Ирақтағы Саддам Хусейнің жақтастары тоқты істен шығарып, ирақ халқының зығырданын қайнатпақ," - дейді Филлипс.

Метзлда бұл пікірмен келіседі, оның айтуынша, егер жергілікті және федералдық билік орындары тұтылуларға жауап қайтаруға дәрменсіз болса, онда халықтың сенімінен айрылады. Ал егер қастандықтар қайталана қалса, онда астан-кестен шығады, - дейді ол.

Сондай-ақ, 11 қыркүйектен кейін кез келген террорлық шабуылды күтуге болады, бірақ егер АҚШ үкіметі мен оның қуат өндіру жүйесі ақау күйінде қалмай оған қажетті қаржы бөлінсе, ұлттық электр жүйесі бекемделер болса, онда терроршылар оған шауыл жасауға батпайды, -деді Метзл.
XS
SM
MD
LG