Accessibility links

Мемлекет басшысының қолынан пәтер кілтін алды


Қазақстан Президентi Н.Н. тамыздың 19-ы күнi мәдениет саласы өкiлдерiнiң бiр тобына жаңа пәтердің кiлтiн тапсырды.

Ортақолды үш бөлмелi пәтер 40-50 мың доллар тұратын Астанадан ақы-пұлсыз жаңа үй алу көптiң арманы. Мемлекет басшысының айтуынша, үй сұраушылар көп, бiрақ, барлығын қанағаттандыру мүмкiн емес. Дегенмен, мәдениет, ғылым, әдебиет қайраткерлерi назардан тыс қалдырылмайтын болады. “Экономикалық ахуалдың жақсаруы, мәдениет саласына көбiрек көңiл бөлуге мүмкiндiк берiп отыр”, - дедi Н.Назарбаев. Бұдан екi жыл бұрын Астанаға алғаш келген өнер адамдарының үлкен бiр тобы үй-жаймен қамтамасыз етiлген болатын. Бұл жолы жетi адамның өтiнiшi қанағаттандырылды. Солардың екеуi - композитор Еркеғали Рахмадиев пен жазушы Сәкен Жүнiсов Алматыда тұрады.

Сөзiн: “Назарбаев заманының ақсақалымын”,- деп бастаған жазушы Сәкен Жүнiсов, “…қазiргi заманның негізгі жүгі бiздiң ұрпаққа түсiп отыр. Кешегi Әуезовтердiң орын бiздер басып отырмыз”, - дедi.

Мемлекет басшысының қолынан жаңа пәтер кiлтiн алғандар қатарында “Астана циркiнiң” директоры Балтабек Жұмағұлов, Қазақстан киношылар одағының мүшесi Бақыт Қайырбеков, Опера және балет театрының бас балетмейстерi Тұрсынбек Нұрқалиев, қалалық филармонияның “Наз” ансамбiлiнiң бас балетмейстерi Қадиша Ағымбаева және археолог Марал Хабдуллина бар.
XS
SM
MD
LG