Accessibility links

Сербия өкіметі халықаралық қауымдастықты Косоводағы албан экстремистеріне қарсы әлдеқайда қатаң шара қолдануға шақыруда.


БЕЛГРАД: Сербия өкіметі халықаралық қауымдастықты Косоводағы албан экстремистеріне қарсы әлдеқайда қатаң шара қолдануға шақыруда. Дүйсенбі күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Сербияның вице-премьері Небойша Чович осындай үндеумен сөз сөйледі. Қауіпсіздік Кеңесінің бұл отырысы - өткен аптада Косовода сербиялық 2 жасөспірімнің өлтірілуіне байланысты, Сербия үкіметінің талап етуімен шақырылды. Сербиядағы Косово аймағының БҰҰ-ының басқаруына берілгеніне 4 жыл болды.
XS
SM
MD
LG