ЛОНДОН: Британияның “Рейтер” ақпарат агенттігі мен журналистердің бірқатар халықаралық ұйымы АҚШ-ты “Рейтер” агенттігінің телеоператоры Мазен Дананың өлімі себептерін мұқият тергеуге шақырды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Мазен Дананы оның бейнекамерасын гранататқыш деп қателескен АҚШ жауынгерлері атып өлтірген. АҚШ-тың Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремер болған оқиғаның қыр-сырын түгел ашуға уәде берді. Сонымен бірге П.Бремер Ирақтағы ахуалдың тұрақтану үрдісі әрі қарай жалғасуда деп атап көрсетіп, елдің жаңа конституциясын қабылдау мен жалпыға бірдей сайлау өткізу – 6-8 айдың ішінде мүмкін болады деп мәлімдеді.
Тикрит қаласының маңайында болған жарылыстың нәтижесінде оқ-дәрі қоймасын тонамақ болған 12 қарақшы мерт болды. Жарылыс сенбі күні болған, бірақ АҚШ-тың әскери басшылығы ол жайында дүйсенбі күні ғана хабарлады.
“Рейтер” агенттігінің телеоператоры Мазен Дананы оның бейнекамерасын гранататқыш деп қателескен АҚШ жауынгерлері атып өлтірген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV