Accessibility links

Орталық Африкада орналасқан Мали мемлекетінен Еуропаға қарай алжирлік көтерілісшілердің қолында 5 айдан ұзақ тұтқында отырған еуропалық 14 турист ұшып шықты.


БАМАКО: Орталық Африкада орналасқан Мали мемлекетінің астанасы – Бамакодан Еуропаға қарай алжирлік көтерілісшілердің қолында 5 айдан ұзақ тұтқында отырған еуропалық 14 турист ұшып шықты. 9 Германия азаматы, 4 швейцарлық және голландиялық 1 азамат Алжирдің оңтүстігінде Сахара шөлінде сапарда жүргенінде көтерілісшілердің қолына түсті. Өткен дүйсенбіде олар тұтқыннан босатылып, Мали өкіметіне табыс етілді. Германия өкіметі олардың бостандығы үшін берілген құнын хабарламай жасырып отыр. Алжирдің оңтүстігінде бас-аяғы еуропалық 32 турист тұтқындалып, олардың бір тобы мамыр айында босатылған болатын.

Сұлтан Хан Аққұлұлы
XS
SM
MD
LG