Accessibility links

Аустралияның қорғаныс ассоциациясы - қауіпсіздік проблемалары бойынша Ғылыми орталық – елдің Ирақтағы соғыс қимылдарына атсалысуын ақтау мақсатында, барлау қызметтерінің Ирақ жайындағы барлық ақпарды бұрмалап көрсетуі мүмкін деп күдіктенуде.


КАНБЕРРА: Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы туралы барлау мәліметтерінің ақиқатына көз жеткізу үшін Аустралияда жабық тергеу басталды. Аустралияның қорғаныс ассоциациясы болып табылатын қауіпсіздік проблемалары бойынша Ғылыми орталық – елдің Ирақтағы соғыс қимылдарына атсалысуын ақтау мақсатында, барлау қызметтерінің Ирақ жайындағы барлық ақпарды бұрмалап көрсетуі мүмкін деп күдіктенуде. Жуырда ғана АҚШ пен Ұлы Британияда осы елдің өкіметтері Саддам Хусеиннің билігі жағынан төнуі мүмкін қауіп-қатерді асырып көрсетуі ықтимал деген күдікке толы пікірлер айтылды. Ирақтағы коалициялық күштер осы күнге дейін елден жаппай қырып-жою қаруының ізін таба алмай келеді.
XS
SM
MD
LG