Accessibility links

Мәскеудің Басман соты төтенше жағдайлар жөніндегі Ресей министрлігінің генерал шеніндегі қызметкері В.Ганеевтің қамауда отыру мерзімін 2 айға ұзартты.


МӘСКЕУ: Мәскеудің Басман соты төтенше жағдайлар жөніндегі Ресей министрлігінің генерал шеніндегі қызметкері Владимир Ганеевтің қамауда отыру мерзімін 2 айға ұзартты. Ол “погон таққан әзәзілдер” деп аталған қылмыстық істі тергеу шеңберінде тұтқындалған болатын. В.Ганеевке ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды және бопсалаумен шұғылданды деген айыптар тағылуда. Аталған қылмыстық іс бойынша мәскеулік ішкі істер мекемесінің 6 аға офицері тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG