Accessibility links

БҰҰ-ының Бағдадтағы өкілдігі алдында сейсенбі күні болған жарылыстың нәтижесінде кем дегенде 20 адам мерт болды, оның ішінде БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Сержиу Виейра ди Мелло да бар.


БАҒДАД: БҰҰ-ының Бағдадтағы өкілдігі алдында сейсенбі күні болған жарылыстың нәтижесінде, соңғы ақпар бойынша, кем дегенде 20 адам мерт болды. Қаза болғандардың ішінде БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Сержиу Виейра ди Мелло да бар. 100-ге жуық кісі жараланды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, БҰҰ-ының өкілеттігі орналасқан “Кэмэл” қонақ үйінің іргесінде қопарғыш зат орнатылған жүк мәшинесі жарылған. Оны террористік ұйымдардың бірі ұйымдастырды деп топшылануда. Басқа бір көзқарасқа сәйкес, ол жарылыстың соңында Саддам Хусеиннің үзеңгілестері тұр. Жарылыстың салдарынан қонақ үйде болған көп халық құлаған қабырғалардың астында қалды. Қайғылы оқиғаның орнында құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл - Бағдадта соңғы уақытта болған екінші ірі қастандық. Екі апта бұрын Иордания елшілігі іргесінде болған жарылыстың нәтижесінде 17 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG