Accessibility links

Германияның Киевтегі елшілігінің мәлімдеуінше, Украинаның әуе кеңістігін бұзды деп айыпталған 3 неміс азаматының қолдарында ұшуға ресми рұқсаттары болды.


КИЕВ: Украинаның әуе кеңістігін бұзды деп айыпталған 3 неміс азаматының қолдарында ұшуға ресми рұқсаттары болды. Германияның Киевтегі елшілігі осылай деп мәлімдеуде. Елшілік өкілінің айтуына қарағанда, жеке-меншік ұшақпен ұшып келіп, Днепропетровск қаласының әуе жайына қонған 3 немістің тиесілі визалары және ресми рұқсаты болған. Олар Украинаға іс-сапармен келген кәсіпкерлер көрінеді. Украинаның сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік қызметі Германия азаматтарының қолында ұшуға рұқсаттары болмады деген бетінен қайтпай отыр. Істің мән-жайы толдық анықталғанша, әлгі 3 немістен Днепропетровскіден кетпеулерін өтінуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG