Accessibility links

Полиция кеңсесіне шабуыл жасаған жасақтың құрамында талибандар мен жергілікті бүлікшіл дала қолбасшысы Гүлбеддин Хекматиярдің жігіттері де болған.


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстік-шығысында құрамында 400 қарулы адамы бар жасақтың шабуылы нәтижесінде 7 полицей қаза болды. Өзара қақтығыс нәтижесінде шабуыл жасағандардың 15-і мерт болды. Ол жөнінде “Ассошэйтед пресс” агенттігіне Пактия провинциясының әкімі Мохаммед Әли Джалали хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Бармаль қаласындағы полиция кеңсесіне жексенбіге қараған түні шабуыл жасалған. Полиция кеңсесі толық қираған. Жергілікті биліктің күдігінше, шабуыл жасаған жасақтың құрамында талибандар мен жергілікті бүлікшіл дала қолбасы Гүлбеддин Хекматиярдің жігіттері болған. Полицияның ақпары бойынша, қарулы жасақ Ауғанстанға көрші Пәкістаннан басып кіріп, сонда қайта кетіп жасырынған. АҚШ әскерилерінің жексенбілік хабарына қарағанда, жексенбіге қараған түні Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясының әуе жайы зымырандармен атқыланды. Қаза болғандар туралы әзірше хабар жоқ.
XS
SM
MD
LG