ВАШИНГТОН-ОТТАВА: Өткен бейсенбі күні болған теңдесссіз апаттың салдарынан 50 млн-ға жуық адам электр қуатынсыз қалған АҚШ пен Канаданың барлық аудандарында электр қуатымен қамтамасыз ету жүйлері түгел қалпына келтірілді. Мамандардың пікірінше, АҚШ-тың Оһайо штатындағы Кливленд қаласы маңайында бірден 3 электр желісі істен шығып, электр жарығы сөнген. Электрмен қамтамасыз ету жөніндегі Солтүстікамерикалық кеңестің жетекшісі Микел Генттің есептеуінше, апаттың Оһайо штатындағы мамандардың өз бөлігінде болған кемістікті дер кезінде жөндей алмауы салдарынан тууы әбден мүмкін. Американ-канадалық бірлескен комиссия болған апаттың салдарын 1 айдың ішінде толық анықтауға үміттенуде.
АҚШ пен Канаданың барлық аудандарында электр қуатымен қамтамасыз ету жүйлері түгел қалпына келтірілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат