БАҒДАД: Ирақтың солтүстігінде тағы да Киркук-Джейһан мұнай құбыры жарылды. Мұнай өртенуде. Ирақ өкіметінің пікірінше, бұл қасақана ұйымдастырылған қастандық. 2 күн бұрын мұнай құбырының дәл осы бөлігінде бірінші жарылыс болған болатын. Соның салдарынан Түркияға қарай мұнай шикізатын айдау тоқтатылды. Жексенбі күні болған диверсиялық әрекеттің нәтижесінде Бағдадтың солтүстік аудандарын ас сумен қамтамасыз ететін су құбыры жарылып істен шықты. Бірнеше кварталды су басып, 300 мыңға жуық халық ас сусыз қалды.