ПРИШТИНА: Косовода ұлтаралық қақтығыстар тоқтайтын емес. Приштина қаласының маңайындағы бірыңғай сербтер қоныстанған Грачаница елді-мекенінде сербтер 5 албандықты аяусыз таяққа жықты. Оларды ұрып-соғуға 30-ға жуық серб қатысты. Өткен аптада Косовоның батысында өзенде шомылып жүрген сербтерді белгісіз біреу тасадан атқылап, оның нәтижесінде 2 жасөспырым серб мерт болып, 4-еуі жараланды. Өткен түнде Косовска Митровице қалашығында албандар орналасқан үйде қопарғыш іске қосылып, жарылыс болды. Косовска Митровице қалашығы - бірыңғай албандар мен бірыңғай сербтер қоныстанған екі бөлікке бөлінген.
Косовода ұлтаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасып, Приштина қаласының маңайындағы бірыңғай сербтер қоныстанған Грачаница елді-мекенінде сербтер 5 албандықты аяусыз таяққа жықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV