Accessibility links

Косовоның саяси мәртебесінің анықталуына дейін әлі біраз қадамдар қажет


Косовоның саяси мәртебесінің анықталуына дейін әлі біраз қадамдар қажет сыңайлы. Сербия Ата заңында бұған байланысты Косово осы елдің бір бөлігі боп табылады, - деген тұрғыда қарастырылуда.

Косоводағы бейбітшілік сақтау күштерінің рөлі жөнінде Серб ресми өкілдері тарапынан сындар айтыла бастады. Мысалы, Сербия өкімет басшысының орынбасары Небойса Кович аталған аймақтағы халықаралық күштерді Косовода етникалық бағыттағы шабуылдардың алдын-алу үшін жіті қимылдауға шақырды.

Югославияны Милошевич басқарған 1999-шы жылы серб күштерінің Косоводан қуылып, ол жерге халықаралық күштердің орналасқан кезінен бергі аралықтағы олардың рөлі жөнінде Кович мырза дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында қатты сындар айтқан. Ол аталған хатында Косовода соңғы әзірде сербтерге қарсы шабуылдар көбейе түсуде дей келіп, оларды санамалап шыққан екен.

Мысалы, өткен аптада белгісіз біреулер суға шомылып жүрген сербиялық жасөспірімдерге қарай оқ атып, оның салдарынан екеуі қаза болған, - дейді Кович. Сондай-ақ өткен аптаның басында балық аулап отырған жерінде бір серб азаматына оқ атылып, ол қансыраған күйінде, Белград ауруханасында жатып қаза болған. БҰҰ-ның басқаруындағы Косовода орналасқан бейбітшілік күштері террорлық әрекеттерді болдырмауда шарасыздық танытып отыр, - деді ол. Осылай дей келе Серб өкімет басшысының орынбасары бірнеше қадамдарды ұсынған екен. Ең әуелі Косовода жаппай қарусыздандыруды жүргізіп, сондай-ақ Косоводағы халықаралық күштер сербияның барлық түкпіріндегі қауіпсіздік күштерімен тығыз әріптестік орнатуы тиіс, - дейді ол.

Кович сонымен бірге Косовоны Қолдау корпорациясы құрамында жіті зерттеулер жүргізуді ұсынып отыр. Үш мың мүшесі бар бұл ұйымның бір мүшесі Звечандағы көпірді көкек айында жаруға қатысы болды, деген күдікпен онсыз да бейбітшілік сақтау ресми өкілдері тарапынан бақылау аймағында қалуда. “Көп ұлтты Косовоны қалыптастыруда Приштина мен Белград ресми өкілдері өзара бірлесе әрекет етуі тиіс”-, деген ойды Қауіпсіздік кеңесінің кейбір мүшелері алға тартуда.

Дей тұрғанмен, Кович мырзаның жоғарыда баяндалған сындарына бірінші боп қарсы уәж айтқан адам Британияның БҰҰ-дағы елшісі Жонс Парри болды. Косоводағы күш қолданулар тұйықталып қалған кейбір екстремистік күштердің әрекеттері деп бағалануы тиіс. Ол күштер бұл аймақ халқының көзқарасын білдіре алмайды. Сондай-ақ оларды болашақта өздеріне тиімді жаққа қарай бағыттай алмайды-, деді Парри мырза.

Қауіпсіздік кеңесінің көптеген өкілдері БҰҰ міндетінде реформалар жүргізу жөніндегі ұсыныстарын қайталауда. Ол ұсыныстар бойынша, аймақта демократиялық қалыптарға сай негізгі өзгерістер жүзеге асырылмайынша Косовоның саяси мәртебесі жөніндегі сауал талқыланбайтын болады. Осы сауалдың техникалық жақтарын шешу үшін Албания мен Серб басшыларының тікелей келіссөздерге баруын Германияның БҰҰ-дағы елшісі Вольфганг Траутвейн мырза талап етіп отыр.

“Қазіргі қауіпсіздік жағдайы, сондай-ақ Сербияның жаңа Ата заңына байланысты жүріп жатқан пікірталастар аймақтағы саясаткерлер үшін бейбіт те тұрақтылыққа ие Косовоны орнатудағы жауапкершілігінен олардың құтылып кетуі үшін себеп болмауы керек, - деді Траутвейн мырза. Сербия Ата заңының жобасы бойынша Косово аймағы Сербияның баяғысынша бір бөлігі ретінде қаралуда.
XS
SM
MD
LG