Accessibility links

Боснияда өлгендер малдай жерленген зираттан 90-ыншы жылдардың басындағы азамат соғысы кезінде дарға асылған 150 адамның сүйегі қазып алынды, онда кем дегенде тағы 500 кісінің сүйегі жатыр.


САРАЕВО: Боснияда өлгендер малдай жерленген зираттан 90-ыншы жылдардың басындағы азамат соғысы кезінде дарға асылған 150 адамның сүйегі қазып алынды. Босния жерінен табылған ең ірі әлгі зиратта кем дегенде тағы 500 кісінің сүйегі жатуы мүмкін деп есептелуде. Сарапшылардың пікірінше, олар Зворник қаласында босниялық сербтердің жасақтары өлтірген мұсылмандардың, негізінен бейбіт халықтың сүйектері. 1992-1995-інші жылдар аралығын қамтыған Босниядағы азамат соғысы кезінде 250 мыңға жуық халық малдай қырылды, 20 мың адам хабар-ошарсыз жоғалды.
XS
SM
MD
LG