БАҒДАД: БҰҰ-ының Бағдадтағы өкілдігінде болған жарылыс құрбандарының саны 21-ге жетті. Ол мәліметті Ирақтың Басқару кеңесінің мүшесі Ахмад Чалаби келтірді. А.Чалабидің де, БҰҰ-ы өкілінің де есептеуінше, қаза болғандардың саны одан да көп болады, өйткені қираған ғимараттың астында әлі де адамдар бар. Күл-тамтығы қалмай қираған 3 қабатты ғимараттың астынан аман қалғандарды табатын соңғы үміт үзілді. Қаза болғандардың арасында БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Сержиу Виейра ди Мелло мен БҰҰ-ының Балалар қорының өкілі Кристофер Кляйн-Бекман да болды. 100-ден аса кісі жараланды. Ирақтың Басқару кеңесінің А.Чалаби мен басқа да мүшелері сейсенбі күнгі осы террористік қастандықтың артында Саддам Хусеиннің үзеңгілестері тұр деп санайды.
Ирақтың басқару кеңесінің мүшесі А.Чалабидің мәліметі бойынша, БҰҰ-ының Бағдадтағы өкілдігінде болған жарылыс құрбандарының саны 21-ге жетті және одан да көп болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр