Accessibility links

Абхазиядан келген грузин босқындарының тобы, негізінен - әйелдер, сәрсенбі күні “Метрострой” компаниясының ғимаратын басып алды.


ТБИЛИСИ: Абхазиядан келген грузин босқындарының тобы, негізінен - әйелдер, сәрсенбі күні “Метрострой” компаниясының ғимаратын басып алды. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, егер өкімет өздеріне баспана бермейтін болса, әйелдер үстеріне жанар май құйып, өртеніп өлетіндерін ескертуде. Босқындар кепілдікте ұстап отырған бірнеше кісіні – “Метрострой” компаниясының қызметкерлерін де өздерімен бірге өртейтінін мәлімдеуде. Аталмыш компанияның ғимаратын полиция қоршауға алды.
XS
SM
MD
LG