Accessibility links

Чешенстандағы Автура және Сержень-Юрт елді-мекендерінің төңірегінде моджаһедтердің ірі жасағы мен жергілікті милиция және Ресей армиясы арасында үлкен шайқас болды.


ГРОЗНЫЙ: Чешенстанның Шали ауданындағы Автура және Сержень-Юрт елді-мекендерінің төңірегінде моджаһедтердің ірі жасағы мен жергілікті милиция және Ресей армиясы арасында үлкен шайқас болды. Әскерилердің ақпарат көзіне сүйене отырып, біздің тілшіміздің хабарлауынша, ол шайқастың барысында 12 қарулы чешен қаза болды. Ресми мәлімет бойынша, Ресей жағының шығыны – 7-еуі мерт болып, 8 жауынгер жараланған. Шали ауданы әкімшілігінің хабарлауынша, Сержень-Юрт ауылын басып алмақ болған моджаһедтердің жасағын белгілі дала қолбасшысы Әбу әл-Уалид басқарған көрінеді. Аман қалған жасақтарымен бірге ол Чешенстанның оңтүстігіндегі тауға қарай шегінген.
XS
SM
MD
LG