Accessibility links

Оңтүстік Кореяның бір топ белсендісі с Солтүстік Корея тұрғындарына радиоқабылдағыштарды шармен жібермек болды


Оңтүстік Корея полициясы кеше бір топ белсендінің саяси әрекетін тоқтатты, олар әуе шарларына байлап бауырлас Солтүстік Корея тұрғындарына радиоқабылдағыштарды жібермек болған. Сегіз метр диаметріндегі әр жиырма шарға 30 кішкентай радиоқабылдағыш байланды, деп хабарлайды "Рейтерс" агенттігі Сеул қаласынан. Бұл науқан " Солтүстік Кореяның құлағын ашайық" деп аталады. Солтүстік Кореяның мемлекеттік теле және радиокомпанияларын тек президент Ким Чен Ирді дәріптейтіні белгілі. Елдегі жағдайды "Америка дауысы" және Оңтүстік Кореяның "КБС" радиосы толығырақ қамтуға әрекет жасайды. Солтүстік Корея олардың хабарларына техникалық тосқауыл қояды. Оңтүстіккореялық белсенділер көршілес елге сондықтан қысқатолқынды заманауи радиоқабылдағыштарды аспаннан жаудырмақ болды.

Ержан Қарабек
XS
SM
MD
LG