Accessibility links

Германия канцлері Герхард Шредер бүгін Италия сапарын бастады


Сапар мақсаты – Германия мен Италияның соңғы кездегі араздығын доғару. Шредер ертең бас министр Сильвио Берлусконимен жүздеседі. Сильвио Берлускони шілде айында Европа парламентінің жиналысында Германия депутаты Мартин Шульцпен сөзге келіспей, оны балағаттаған болатын, неміс фашистерінің абақтыларындағы сақшыға лайықсыз деп тіл тидірген. Бұл аз болғандай, бірнеше күннен кейін Италия туризм министрі Стефано Стефано неміс саяхатшыларын "Италия жағалауын басып алған сары шашты әсіре ұлтшылдар" деп балағаттады. Туризм министрі бұдан соң қызметінен алынды, Сильвио Берлускони Шредерден кешірім сұрады. Германия да, Италия да АҚШ-тың Ирақтағы соғысына қарсы болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG