Армения соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге өз үлесі ретінде бұл елге 10 маманнан құралған шағын әскери жасақты, сондай-ақ, 3 дәрігерді жолдамақ жоспары бар екенін малімдеді.
Армян Қорғаныс Министрі қызметін атқарушы генерал-полковник Михаил Арутюнян бұл мамандардың А.Қ.Ш. көмегімен арнайы жаттығудан өткенін хабарлады. Бұл шешімді әлі де Армян Парламенті бекітуі тиіс.
Армян Қорғаныс Министрі қызметін атқарушы генерал-полковник Михаил Арутюнянның сөзінше, мұндай қадамға Армeнияны Ирақтың жағрапиялық жағынан жақын болуы ғана емес, онда 30 мыңға тарта армян ұлты өкілдерінің жасап жатқаны да итермелеп отыр.
Едіге Мағауин
Едіге Мағауин